Бірқатар өңірде төтенше жағдай режимі сақталады - ТЖК
ШҚО-ның екі ауданында төтенше жағдай жарияланған
Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер бірқатар өңірде қар қалың түсуіне байланысты төтенше жағдай режимі сақталатынын айтты.
«Қар қалың түсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды. Ақмола облысында да төтенше жағдай болады деп болжап отырмыз. Себебі, Қазгидрометтің 1 ақпандағы болжамы бойынша, бұл өңірде қар қалың түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында да жағдай қиын. Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі сақталады. Себебі, 4-5 ақпан күндері дауыл болуы мүмкін. Оның үтсіне, әлі қары тазаланбаған аулалар бар. Болжам бойынша бейсенбі-сейсенбі күндері қар жауады. Яғни, жағдай қайта қиындауы мүмкін», - дейді комитет басшысы.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан