Тәрбиешінің баланы ұрғанын жасырған директор жазаға тартылды
Ол 17 мың теңге айыппұл төлейді
Павлодарда тәрбиешінің баланы ұрғанын жасырғаны үшін балабақша директоры жазасын тартты. Оған жағдайды тиісті органдарға хабарламағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бес жасар баланың анасы ұлының денесіндегі көгерген жерлерді байқап, дереу полицияға хабарлаған. Тергеу барысында балаға тәрбиешінің қол көтергені анықталды. Бұл жағдайдан соң балабақша басшысы өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Дегенмен, баланың ата-анасы кінәлі тұлғадан моральдық шығынды өтеуді көздеп отыр.
«Соттың шешімімен оған 10 АЕК көлемінде, яғни 25 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Азаматша сот отырысында кінәсін мойныдағандықтан айыппұл сомасы 30 пайызға азайтылып, 17 675 теңгені құрады», - дейді облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі соттың кеңсе меңгерушісі Гүлнұр Жаңабекова.