$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2020, 19:01
Қоғам

Түтінге тұншыққан Теміртау: қара күйеге айналған ақ қар (ВИДЕО)

Экология министрі «АрселорМитталға» талап қойды 

Тұрғындар еркін тыныс алып, далаға шығудан қалғандарын айтады. Ал, қаланың «тынысын тарылтқан» зиянды қалдық «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі металлургиялық комбинаттан шығып жатыр. Тұрғындардың шағымынан кейін алпауыт компания зиянды қалдықтардың көлемін азайтуға уәде еткен еді. Алайда, теміртаулықтар әзірге ешқандай өзгеріс жоқ деп ашынады.

Жұрт «экологиялық апат» деп баға берген оқиғаға қатысты бүгін экология министрі түсініктеме берді.

«АрселорМиттал Теміртаумен» тиісті меморандумға қол қойдық. Келісім бойынша, компания  2023 жылы зиянды қалдықтың көлемін 30 процентке азайтуы тиіс. Бұл жақсы нәтиже береді деп ойлаймын. Сонымен қатар зиянды қалдықтың көлемін кеміту  үшін елдегі ірі  өндіріс орындарында аудит жүргіземіз. Олар кәсіпорындарға  жаңа технологияларды енгізуі керек»,- деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі  Мағзұм  Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары