Митингке шығатындар полицияның жауы емес - Джохар Өтебеков
Заңгер Ішкі істер министрлігінің дін саласы бойынша танымал қайраткерді арнайы шақырып, жеке құрамға дәріс оқытуы түсініксіз әрі дұрыс емес деген пікірде
«Azattyq Ruhy» ақпарат агенттігі тілшісінің сұрағына жауап берген белгілі заңгер Джохар Өтебеков Мұхамеджан Тазабековтің сөздерінен әлеуметтік араздық тудыратын қандай да бір белгілерді көріп тұрғаным жоқ дегенді айтады. Оның ойынша, әлеуметтік желіде тараған видеоларда басқа да бір қылмыстық жауапкершілікке тартатындай іс-әрекеттер байқалмайды.
Оқи отырыңыз: Тазабековтың полиция қызметкерлеріне уағызды қай жерде айтқаны белгілі болды
«Меніңше Ішкі істер министрлігінің мұндай қайраткерді өз қызметкерлеріне дәріс оқу үшін шақыруын түсіне алмадым. Полиция қызметкерлері митингке шығатындармен жұмыс жүргізуде елдің тиісті заңдарына бағына отырып, адалдықпен, адамгершілік принциптерге сүйеніп, жүргізуге міндетті. Ол үшін митингке шыққан адамдарды идеологиялық жаулар деп қарап, оларға қарсы полицияны түрлі насихаттаулармен айдап салуға болмайды. Ал ІІМ-нің салаға қатысы жоқ адамдарды уағыз айтуға шақыруы дұрыс емес»,- дейді заңгер.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы