$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.01.2020, 17:23
Қоғам

Шымкентте кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы қылмыс көбейген

Өткен жылы Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 94 істі қарап, оның 60-на айыптау үкімін шығарған

Шымкентте кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы қылмыс көбейген
Фотоколлаж

Өткен жылы Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 94 істі қарап, оның 60-на айыптау үкімін шығарған

2019 жылы Шымкент қаласындағы кәмелет жасқа толмаған балалар Қылмыстық кодекстің 191-бабы (бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқыру), 188-бабы (бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру) бойынша жиі қылмыстық жауапкершілікке тартылған деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Бұл жастар арасында ұрлықтың азаймай тұрғанын көрсетеді. Тіпті, былтыр кәмелет жасқа толмаған үш азамат қолдарына пышақ, тапанша алып, сауда нүктелеріне, дүкендерге қарақшылық шабуыл жасаған. Одан бөлек, судьялар балаларға жасалатын азғындық та жыл сайын 1-2 пайызға артып келе жатқанын айтады. Сорақылығы сол, ересектер науқас балалардың әлсіздігін пайдаланып, оларға ойына келген ісін жасайды. Ал, көп жағдайда баланың анасы қылмысты біле тұра, отбасының тыныштығын сақтау үшін ол туралы құзырлы органдарға шағымданбайды екен.

«Мәселен, былтыр сал ауруына шалдыққа қыздың шешесімен 10 жылдай бірге тұрған өгей әкесі үйіне мас болып келіп, қыздың бөлмесіне кіріп кеткен. Ол үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, кәмелет жасқа толмаған қызға азғындық жасамақ болған. Бұл жағдайды қыздың анасы терезеден байқап қалған. Жәбірленуші болған жайды бүкпесіз анасына айтып береді. Сосын полицияға хабарлап, тергеу жұмыстары жүргізіліп, өгей әке сот шешімімен 3,5 жылға бас бостандығынан айрылды», - дейді Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Сайханов.

Сондай-ақ мамандар кәмелет жасқа толмаған жігіт пен қыздың төсек қатынасында болып, қыз баланың жүкті болғлып қалған жағдайлар да тіркелген. Мұндай жағдайда екі тарап бір келісімге келіп, екі жас отбасын құратын болса, оларға қатысты тағайындалатын жаза да жеңілдетіледі.

Арай Есенбек, Шымкент

Серіктес жаңалықтары