Қызылордада басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр  

Қызылордада басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Ол жалпы қамқорлығы мен орындалған жұмыс актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден параны карталық шоты арқылы едәуір мөлшерде алды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.