ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда бетперде тапшылығын қолдан жасаушылар жауапқа тартылады

Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде 2 млн-нан астам, ал резервте 1,3 млн бірреттік бетперде бар екен

Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова қалада бетперде жеткілікті екенін айтты. Оның айтуынша, қала вирусқа қарсы препараттармен қажетті көлемде қамтамасыз етілген, сондықтан оған қатысты дүрлігуге негіз жоқ дейді. 

«Менің ойымша, тапшылық қолдан жасалып жатыр. Мүмкін бағасына келіскендер бар шығар. Кейбір алыпсатарлар бетпердені көптеп алып, оны қымбат бағаға сатуы мүмкін. Оны медициналық мекемелер де, дәріханалар да сатып алмаған», — деді А. Молдағасымова.

А. Молдағасымова дәріхана мен фармкомпанияларды қазіргі жағдайды пайдаланып, халықты әбігерге түсірмеуге, қолдан тапшылық жасамауға шақырды.

«Кәсіпкерлік саласында тарифтік және баға бойынша келісім жасағандар жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз. Қала басшылығы баға келісімін жасағандарға қылмыстық жауапкершіліктен бастап, лицензияны қайтарып алуға дейін барлық тиісті шараларды қолданады», - дейді.

Департамент басшысы қалада қорғаныс бетпердесі жеткілікті екенін, медициналық мекемелерде 2 млн-нан астам, ал резервте 1,3 млн бірреттік бетперде барын айтты. Сондай-ақ, 3 млн-нан астам бетперде сатып алу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне өтініш білдірген. Оның айтуынша, қазір қалада бір адамға 20-25 бетпердеден келеді.