$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2020, 11:57
Қоғам

Қытайдан келген 23 адамның қызуы көтеріліп жатыр – Біртанов

Бүгінде олардың бәрінен қан сынамасы алынған 

Бүгін Үкіметте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайда тараған коронавирус инфекциясы бойынша брифинг өткізді. Министрдің мәліметінше, 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап бүгінге дейін Қытай аумағынан сырт елдерге шыққан жандардың саны 25 858 адам. Бұл туралы мәліметті Денсаулық сақтау министрлігіне шекаралық қызмет беріп, емханалар тексеру жүргізеді.

«Қазір Қытайдан Қазақстанға келген азаматтардың 23-інің қызуы көтерілгенін анықтадық. Олардың бәрі бақылауда. Төрт адам түрлі инфекциялар жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Вирустық инфекциялардың бір-бірінен нақты айырмашылығы болмағандықтан, біз оны өткір респираторлық вирустық инфекция ретінде бағалап, адамдардан қан сынамасын алдық. Үш күн ішінде толыққанды диагностика өткізіліп, тиісті ем жүргізіледі», - деді Е. Біртанов.

ҚР ДСМ егер ауру жаппай таралған жағдайда, адамдарды орналастыру үшін 4,5 мың орын дайындап қойған. Барлық аймақтағы дәрігерлер арнайы дайындықтан өткізілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда короновирустан көз жұмған адамдардың саны 106-ға жетті. Инфекцияны 30 провинцияда 4515 адам жұқтырған. Әлемнің 15 елінде 80 науқас тіркелген.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары