Еліміздің 45 учаскесінде жол жабық – ИИДМ
Бес мың шақырымнан астам жолға уақытша шектеу қойылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы 11 облыста жабық, деп хабарлады.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 20 қаңтардан бастап бүгінге дейін еліміздегі жолдарда 245 шектеу қойылды. Ал, қыс мезгілі басталғалы бері жол қозғалысы 706 рет шектелді», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта 45 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу бар: Ақмола – 8, Ақтөбе – 10, Алматы – 1, ШҚО – 7, Жамбыл – 1, БҚО – 1, Қарағанды – 9, Қостанай -2, Павлодар -3, СҚО -1, Түркістан облысында – 1.
Бұған дейін «Қазавтожол» ҰК» баспасөз қызметі 5421 шақырымды құрайтын 44 учаскеде жол қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын хабарлаған. Айта кетейік, бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың 21,7 пайызы.