Коронавирус: АҚШ Қытайға көмек беруге дайын

Трамп америкалық мамандардың өте білікті екенін атап өтті

Фото: Cheng Min/Xinhua/Global Look Press

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус індетінің көптеп таралуына байланысты америкалық сарапшылардың қытайлық әріптестеріне көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз вирусқа қатысты Қытаймен өте тығыз байланыс орнатып жатырмыз. Біз ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көмек қолын ұсындық», – деді саясаткер Twitter парақшасында.  

Дональд Трамп америкалық мамандардың өте білікті әрі ерекше екенін атап өтеді. 

Айта кетсек, бүгінгі таңда қауіпті індет 2,4 мың адамға жұққан. Вирус ондаған миллион тұрғыны бар Ухань қаласына ғана емес, Қытайдың көптеген қалаларына, сонымен қатар, бірқатар шет мемлекетке тарап үлгерген.

27 қаңтар күнгі ресми мәліметке сүйенсек, коронавирустан 81 адам көз жұмған. 

Сұхбат
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр
Бірінші дәрежедегі маманның айтуынша, Қазақстандағы әрбір бесінші-алтыншы әйел қалқанша без ауруына шалдыққан
Саясаттанушы АҚШ мемхатшысы Майк Помпеоның Орталық Азия елдеріне жасаған сапары нені көздейтіне кеңінен тоқталды