$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2022, 14:11
Қоғам

Ресторатор Александр Орлов қазақстандықтардан кешірім сұрады

Ресторатор оқырмандарының арасында қазақстандықтардың көп екенін білмегенін айтты

Ресторатор Александр Орлов қазақстандықтардан кешірім сұрады
фото ашық дереккөзден

Ресторатор Александр Орлов әлеуметтік желідегі жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірнеше күн бұрын ол telegram желісіндегі парақшасына «Орталық Азияда білікті маман табу шынымен қиын, олар тапшы... Сондықтан бұл аймақта жұмысын енді бастайын деп жатқандар болса мамандарды өзге елден әкеліңдер, әсіресе бастапқы кезде. Мен кәсіпті жаңадан бастағанда Қазақстанға адам әкелу оңай емес еді, қазір әлдеқайда жеңіл», деп жазған болатын.

Орловтың бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын келтірді. Оқырмандар оның мейманханасына байкот жариялауға шақырған жазба қалдырды.

Ресторатор Қазақстанда көп оқырмандары бар екенін білмеген.

«Мен Қазақстанды, оның салт-дәстүрін, мәдениетін жақсы көремін, мұнда көптеген достарым мен серіктестерім бар. Мен бүкіл балалық шағымды осы елде өткіздім, кейде өзімді  қазақпын деп ойлаймын. Қымыз, бешбармақ және қазыны жақсы көремін», деп жазды.

Сонымен қатар ол 2012 жылдан бері Қазақстанда бизнес жүргізіп келе жатқанын және 5 мейманхана мен 1 монша кешенін ашқанын айтты.

«2012 жылдан бастап Қазақстан азаматтарына 750-ден астам жұмыс орны берілді. Жыл соңына дейін тағы да 150 жұмыс орнын беруді жоспарлап отырмыз. Мен сөздің емес, істің адамымын. Қазақстан - көпұлтты ел, мен ешкімге зиян келтіргім келмеді. Егер біреуді ренжітсем, кешіріңіз», деп жазды ол парақшасына.  

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#кешірім сұрау