$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Полицияның жаңа формасын сотталған әйелдер тігіп жатыр

Кәсіпкерлер мекеменің басшыларымен келісімшартқа отырып, ғимаратты жалға алған

Полицияның жаңа формасын сотталған әйелдер тігіп жатыр. Жауғашты түрмесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер негізінен полицияның сыртқы күртешелерін тігеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ЛА-155/4 мекемесінде 550 әйел бар. Жаңылысып, жазаға кесілгендердің арасында он алтыға толмаған қыз да, 80 жастағы әжей де бар. Түрменің ішкі тәртібі бойынша, жазасын өтеушілердің әрқайсының айналысатын өз жұмысы бар. Кейбірі тіптен цехта тігін тігіп, айлық алса, арасында би үйімесіне қатысып та үлгереді. Жауғашты ауылындағы түзету мекемесінде әйелдердің көбі тігін тігіумен айналысады. 

«Фармацевтика бойынша медициналық бұйымдарды шығарамыз. Көбінесе бетперде тіккіземіз. Ауруханада бір рет қолданатын халаттарды да тігеді.  Осы Жауғашты мекемесінің ғимаратын жалға алып отырмыз.  Қаңтардан бастап әр жұмысшыға 60 мың теңге айлық төлеп жатырмыз. Жазасын өтеп жатқан 15 әйел біздің цехта тігіншілікпен айналысады. Мемлекеттік сатып алуғаларға қатысып, солардың тапсырысы бойынша медициналық заттарды тігеміз. Қойылған аппарат пен тігін машиналары тәулігіне 200 мың маска шығаруға қауқарлы. Бірақ жұмыс күші мен жұмыс уақытына байланысты күніне ел мыңға дейін маска шығарамыз», - деді «Бекент» ЖШС өкілі Риза Төлемісқызы.

Түрменің ішінде 6 тігін цехы жұмыс істейді. Кәсіпкерлер мекеменің басшыларымен келісімшартқа отырып, ғимаратты жалға алған. Сотталған әйелдерге жұмыс тауып беремін деген кәсіпкерлерге айтарлықтай кедергі жоқ. Тігін машиналарын қойып, сотталғандарға жалақы төлеп отыруы тиіс. Арзан жұмыс күшін пайдаланып отырған кәсіпкерлердің көбі тендер арқылы тапсырыс алады.   

«Осы жерде жазамды өтеп жатырмын. Мамандық алып шықтым. Өмірде керек қой. Тігін тігумен айналысамын, түрлі пішіндегі киімдердің үлгісін жасаймын. Костюмдерді, арнайы киімдерді тігеміз. Осы ғимаратта барлығы сексен адам жұмыс істейді. Осы айда сот үкімі бойынша мойнына ілінген қарыздарымды өтеуге көбірек мүмкіндік бар. Тапсырыс жақсы түсіп жатыр», - деді жазасын өтеп жатқан Галина Федорова (есімі өзгертілген ред).

Түзету мекемесіндегі әйелдердің жартысы жұмыспен қамтылған. Еңбекке жарамды 370-ке жуық әйел болса, олардың арасындағы 270 жазасын өтеуші күндіз жұмыс істеп ақша табады. Түрме басшыларының сөзінше, жұмысқа шыққысы келетін тағы жүз шақты әйел бар. Бірақ олар істей қоятындай фабрика немесе өзге де кәсіпорындар жоқ. 

«Қазіргі таңда 270 адам жұмыспен қамтылған. Олар арнайы киімдер, әскери кіимдер, карантинге байланысты медициналық бұйымдар тігеді. Осы ғимараттың ішінде орналасқан. Барлығы 8 кәсіпкер осында жұмыс орындарын ашқан. Сотталғандардың орташа айлық жалақысы 30 мың теңге. Кейбірі тапсырысты орындауға байланысты 160 мың теңгеге дейін айлық алады. Тағы жүз шақты адамға жұмыс керек. Бұрын жылыжай болған еді, ол жабылып қалды. Қазір осы цехтар орналасқан ғимараттың үшінші қабатына жылыжай ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жерде алдағы уақытта 25 адамдай жұмыспен қамтылады. Жазасын өтеушілердің ішінде 368 адам жұмысқа жарамды», - деді ЛА-155/4 мекемесінде Сотталғандарды еңбекпен ұйымдастыру тобының инспекторы, әділет лейтенанты Эльмира Ақбергенова.

ІІМ енгізген жаңа форма бойынша полицияның киімдерінде осы сотталған әйелдер тігіп жатыр. Түрме басшыларының айтуынша, қамаудағы әйелдердің тұратын жері әбден ескі. 1937 жылы, Сталиннің заманында салынған Жауағашты түрмесі күрделі жөндеуді ғана емес, толықтай жауып, түгелдей жаңартуды қажет етеді.

Серіктес жаңалықтары