$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.01.2020, 11:42
Қоғам

Қазақстан білім беру бойынша да, бала тәрбиесі бойынша да рейтинг соңында

Қазақстан бала тәрбиесі бойынша әлемдік рейтингте 73 орын, білім беру бойынша 70 орын алды

Қазақстан білім беру бойынша да, бала тәрбиесі бойынша да рейтинг соңында
Фото: tengrinews.kz

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласында 2019 жылдың үшінші тоқсанында көрсетілген қызметтердің көлемі 92,6 млрд теңгені құрады, ал бір жыл бұрынғы (2018 ж.) көрсеткіш 72,5 млрд болған. Мұндай мәліметтерді ranking.kz сайты жариялады.

Оның ішінде 79,9% (74 млрд теңге) бюджет есебінен болса, қалған 19,7% (18,23 млрд теңге) ата-аналар мен қамқоршылардың есебінен. Ал 0,4% (353,4 млн теңге) кәсіпорындар есебінен.

Көрсетілген қызметтердің жартысына жуығы еліміздің 5 аймағына тиесілі. Олардың қатарына халық тығыз орналасқан өңірлер кіреді: Түркістан облысы (11,8 млрд тг, жыл бұрын10 млрд тг), Алматы облысы (7,9 млрд тг, жыл бұрын 5,3 млрд тг), Жамбыл облысы (7,7 млрд тг, жыл бұрын 5,7 млрд тг), Алматы қаласы (9,6 млрд тг, 2018 жылдың ІІІ тоқсанында 8 млрд тг в) және Нұр-Сұлтан қаласы (7,5 млрд тг, жыл бұрын 5,8 млрд тг).

Сондай-ақ Қазақстандағы 18 ірі қаланың 8-інде мектепке дейінгі мекемелердің бағасы өсті. 7 қалада мұндай мекемелердің қызмет көрсету ақысы өзгермесе, 2 қалада айтарлықтай төмендеген.

Жақында Usnews.com порталы сауалнама жүргізіп, рейтинг түзілді. Өкінішке қарай, Қазақстан білім беру және бала тәрбиесі бойынша ең төменгі орыннан көрінді.

Қазақстан «Бала тәрбиесі жөнінде ең үздік елдер» рейтингісінде 73 елдің арасында 73 орын алған. Жаһандық сауалнамаға қатысушылар 8 индикатор бойынша дауыс берген: адам құқықтарын сақтау, отбасын құрметтеу, гендерлік теңдікке қол жеткізудегі қоршаған орта, бақыт деңгейі, табыс теңдігі, қауіпсіздік деңгейі, мемлекеттік білімнің дамуы және денсаулық сақтау жүйелері.

Ал, білім беру саласындағы үздік елдер рейтингінде Қазақстан 73 елдің арасынан 70 орын алған. Ливан 69 орында болса, Мьянма 71 орында екен. Үздік бестіктің қатарында - АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция мемлекеттері. Бұл сауалнама негізгі үш көрсеткіш бойынша жүргізілді: дамыған мемлекеттік білім беру жүйесінің болуы, халықтың жоғары білім алу бойынша жоспары, мемлекеттің сапалы біліммен қамтамасыз етуіне халық сенімі.

Серіктес жаңалықтары