$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.01.2020, 15:41
Қоғам

«Богатырь» кенішінде көмір 10% қымбаттады: жылу бағасы өсе ме?

Жылу электр орталықтары жылу бағасын өсірді 

«Богатырь» кенішінде көмір 10% қымбаттады: жылу бағасы өсе ме?

Екібастұз қаласында орналасқан «Богатырь» кенішінің көмірі 10%-ға қымбаттады. Бұл туралы бүгін «Azattyq Ruhy» редакциясына Степногорск жылу электр станциясының басшысы Валерий Данцов хабарлады. Оның айтуынша бұл жылу бағасының 25 тиынға өсуіне әкеледі.

«Біз «Богатырьден» 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көмір 10%-ға қымбаттайтыны туралы хат алдық. Бұрын көмірдің бір тоннасы 1941 теңге еді, енді 2133 теңге болды. Бізге жылына керекті көмірдің көлемімен есептесек, енді 187 миллион теңге шығын шыққалы тұр. Оны ақтау үшін тарифті өсіру  керек», - деді ол.

ЖЭС Энергетика министрлігіне осы мәселеге араласуын өтініп, хат жазыпты. Бірақ әлі жауап алмаған. Айта кетейік, «Богатырь» көмірін елдегі ірі Жылу Электр орталықтары тұтынады. Яғни, қатты отынның   қымбаттауы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар қалаларында да жылу бағасына әсер етуі мүмкін.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің негізгі тұтынушылары: Ресей Федерациясындағы Рефтинский ГРЭС, және Қазақстан Республикасындағы Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2, Алматы және Степногорский ЖЭО, «Караганда Энергоцентр» ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), «СевКазЭнерго» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО -1, ЖЭО -2), «Көкшетаужылу» МКК , «Павлодарэнерго» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС (Қарағандық.)», - деп компанияның ресми сайтында жазылған.

Кәсіпорын үлесіне Қазақстанда өндірілетін көмірдің 40% тиесілі және Екібастұз көмір бассейнінде шығатын барлық көмірдің 70% тиесілі. «Богатырь Көмір» ЖШС ашық тәсілмен көмір шығару бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі, оның баланстық қоры – 2,62 миллиард тонна. Кәсіпорынның өнідірістік күші жылына 42 млн.тонна көмірді құрайды, оның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша - 32 миллион тонна, «Северный» кеніші бойынша - 10 миллион тонна. 

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары