Қарағандыдағы көше аттарын ауыстыру: кім не деді?
Кеншілер қаласында кеңес одағынан қалған көше атауларын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өтті
Көше атын ауыстыруды жақтаушылар да, қарсылық танытқандар да болды. Наразы топтың уәжі біреу. Олар бұл шаруаға бюджеттен қыруар қаржы жұмсалатынын айтады. Алайда, талқыға қатысқан жергілікті кәсіпкерлердің бірі көше атауын өзгертуге жұмсалатын барлық шығынды өтеп беретінін жеткізді. Ол бизнесмен кім, қызу тартыста кім не деді, оны Azattyq rýhy TV әзірлеген арнайы репортаждан көре аласыз.
Қарағандыда атауы өзгеретін 10 көше:
Ленин - Абай құнанбаев
Приканальная - Сарыарқа
Кривогуза - Қасым Аманжолов
Защитная - Григорий Потанин
Зональная - Александр Затаевич
Олимпийская - Нарманбет Төлепов
Волочаевская - Камали Дүйсембеков
Кувская - Нұржанов Қазыбек
Нұржанов - Мерей
Қасым Аманжолов - Балқантау
Қарағандылықтар бірауыздан жақтап дауыс бергенмен, көшелердің атауы бірден өзгермейді. Алдымен қоғамдық тыңдаудың қортындысы облыстық мәслихатта қаралады. Жергілікті депутаттар қарапайым халықтың талап-тілегін мақұлдаса, тиісті шешім республикалық ономастикалық комиссияға жолданады. Соңғы шешімді осы комиссия шығаруы тиіс.