$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.01.2020, 14:40
Қоғам

Ұлттық банк валюта айырбастау пунктерінің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді

Ірі сауда орталықтарындағы айырбастау пунктері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді

Ұлттық банк валюта айырбастау пунктерінің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді
ФОТО: Depositphotos.com/Syda_Productions

Жаңа ережеге сәйкес, айырбастау пункттері 1 ақпаннан бастап 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ұлттық банк қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, жұмыс кестесі айырбастау пункттері мен олардың клиенттерінің қауіпсіздігін жақсартуға байланысты өзгеріп отыр. Оның айтуынша, бұл шара кешкі және түнгі уақытта қолма-қол шетелдік валютаны сатып алуда валюта курсының өсу фактілерін болдырмауға, халық арасында негізсіз дүрлігу болмауына көмектеседі.

Әуежай, теміржол арқылы Қазақстанға келетін/кететін және мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі адамдар үшін айырбастау пункттері тәулік бойы жұмыс істейді. Ал, бірінші санаттағы ірі сауда орталықтарында сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ұлттық Банк жұмыс режимінің өзгеруі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, валюталық бағам мен спредтерді шектемейтінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары