$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жастардың орташа жас мөлшері 35-ке дейін ұзаруы мүмкін

Сенат депутаттары тағы бастама көтерді

Қазақстанда жастардың орташа жас мөлшері 35-ке дейін ұзаруы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Сенат депутаты Дана Нұржігіт Президенттің елдегі орташа жас мөлшерін 29-дан 35-ке дейін ұзарту туралы айтқан ұсынысын заң негізінде қарастыруды ұсынды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, бұл өзгеріске қазақстандық жастардың некеге тұру жасы мен оқу және біліктілікті арттыру мақсатында жастың ұлғаюы себеп.

«Осы орайда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулер енгізіледі. Онда Мәжілісте тіркеген кезде партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауы тиіс. Аталған заңға сәйкес, жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұзарту қарастырылды ма?»− деген сауал жолдады.

Әділет вице-министрі Алмат Мадалиевтың айтуынша, жастарға қатысты қоғамдық қатынастар «Жастар саясаты» туралы заңмен реттеледі. Бұл заңға сәйкес, жастар санатында 14-тан 29-қа дейінгі аралық қамтылған. Егер осы заң аясында жасты көтеру мәселесі қарастырылатын болса, онда сайлануға түсуге ниетті жастардың жасын арттыр қарастырылады.

Серіктес жаңалықтары