Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысты жаңа деректер мәлім болды
Қайғылы оқиға Н.Назарбаев көшесінде болған
Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қаланың орталығында көз жұмған. Елнар Қансейітке 6 қаңтарда күндіз оқ тиген. Оған бұзақылар бағдаршамда тоқтап тұрғанда оқ жаудырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты жалған ақпарат тарамас үшін келесіні хабарлаймыз:
06.01.2022 ж. кешкі сағат 18.35 минут шамасында Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын, Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан.
Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан.
Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде»,- делінген хабараламада.