$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.01.2022, 12:12
Қоғам

Тоқаев шетелге ақша шығару транзакцияларын түгел тексеруді тапсырды

Президенттің сөзінше, елдегі қаржы-олигархиялық топтар негізгі пайда табушылар болып табылады

Тоқаев шетелге ақша шығару транзакцияларын түгел тексеруді тапсырды

Бүгінгі Парламент Мәжілісінің отырысында Президент жеке тұлғалардың шетелге ақша шығарып жатқанын байқағанын айтты. Үкіметке ол барлық күмәнді транзакцияны тексеруді тапсырды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мемлекет басшысы елде бай мен кедейдің арасы алшақтап бара жатқанын, байлықтың көп бөлігі санаулы адамның қолында екеніне тоқталды.

«Билік құрылымдарының өкілдері адамдардың өмірі туралы бұрмаланған түсінікке ие. Теңсіздік мәселесі жылдан жылға шиеленісе түсті. Табыстың өсуі тек қағаз бетінде ғана. Мүліктік стратификация, азаматтардың көптеген мәселелері шешілген жоқ. Экономиканың өсуіне қарай барлығының табысы өсуі тиіс. Бұл өзгермейтін аксиома жұмыс істемейді. Негізгі пайда алушылар қаржы-олигархиялық топтар болып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстанның жаңа Премьер-министрі болып Әлихан Смайылов тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары