05.01.2022, 10:12
Қоғам
Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының басшысы ұсталды
1 қаңтардан бастап өңірде газ бағасы екі есеге дейін қымбаттаған еді
Фото ашық дереккөзден
Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытының басшысы қамауға алынды деп хабарлады «Қазақстан» телеарнасы. Лауазымды қызметкерді ұстау операциясын Қаржы мониторингі агенттігінің мамандары жүргізген. Ол газ бағасын негізсіз өсіріп жіберді деп айыпталып, тергеуге алынды.
Телеарна мәліметінше, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС Маңғыстау облысын және көрші жатқан өңірлерді газбен толықтай қамтамасыз етіп келген.
Еске салайық, Жаңаөзен тұрғындары 1 қаңтардан бастап алаңға шығып, газ бағасының өсуіне наразылық танытып келеді. Өңірде сығымдалған газ литріне 50 теңгеден 120 теңгеге дейін күрт қымбаттаған. 4 қаңтарда наразылық шерулері Қазақстанның бірнеше қаласында жалғасты.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді