Жұмысқа қабылдау үшін екі адамнан пара алған мектеп директоры 7 жылға сотталды

Azattyq Rýhy

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде мектеп директоры 7 жылға сотталды. Ол  жұмысқа қабылдау үшін екі адамнан пара алды деп айыпталған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Облыстық соттың ақпараты бойынша, ол   мектеп директорының міндетін уақытша атқарып жүріп, өзінен жұмыс сұрап келген тұрғындардың бірінен 200 мың теңге, екіншісінен 100 мың теңге пара  алған. Сот үкім шығарар кезде оның кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін ескерген.

«Сот үкімімен А. Кушербаева қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.