$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.12.2021, 00:48
Қоғам

Қостанай облысының әкімі төрт баланы өрттен құтқарған 5-сынып оқушысын марапаттады

Ал баспанасы өртеніп, далада қалған көпбалалы жанұяға пәтер кілті табысталды

Қостанай облысының әкімі төрт баланы өрттен құтқарған 5-сынып оқушысын марапаттады
Қостанай облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов балаларды өрттен құтқарған жасөспірім Олег Пирогпен кездесті. Сондай-ақ, облыс әкімі өрттің салдарынан баспанасынан айырылған Өмірзақовтар отбасын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өрт кесірінен баспанасынан айырылған отбасында екі жастан сегіз жасқа дейінгі төрт кәмелетке толмаған бала бар. Әзірге олар туыстарында тұрақтаған.

Кездесу барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов көпбалалы отбасына Абай көшесінен 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Күнжан Өмірзақова бұған дейін көпбалалы отбасы ретінде пәтер кезегінде тұрған. Сондықтан оның алдында үй кезегінде тұрған азаматтармен ұсынылған тұрғын үйден бас тарту туралы жазбаша өтініштер қабылданды.

Ал отбасының құтқарушысы, батыр бала Олег Пирог облыс әкімінен алғыс хат пен ноутбук алды.

Сондай-ақ, А.Мұхамбетов Олегтің ата-анасына ұлдарын лайықты азамат етіп тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.

«Ең алдымен, Олегтің ата-анасына алғыс айтамын. Валентина Владимировна, сіздің үлкен және тату отбасыңызға барлық жақсылық, денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін.
Олег, батылдық пен жанқиярлық үшін тағы да рахмет. Оқуда үлкен нәтижелер, білім мен шығармашылық ұмтылыстар тілеймін. Барлық армандарыңыз орындалсын», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Олег бүгінде ата-анасымен және тағы бес бауырымен тұрады. Ата-анасы Олегті сөзсіз мақтан тұтады.

Айта кету керек, облыс кәсіпкерлері Олегтің ерлігін атап өтіп, бағалы сыйлықтар беруге дайын екендерін жеткізуде.

Серіктес жаңалықтары