02.12.2021, 20:45
Қоғам
Жамбылдағы табиғи апаттың зардабын жоюға 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінбек
Бұр қаржы қатты қираған 121 нысанды жөндеуге жұмсалады
Фото ашық дереккөзден
Жамбылда болған жойқын дауылдың шығыны есептелді. Табиғи апаттың зардабын жоюға облыс бюджетінен 300 млн теңгеден астам қаржы қаралды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Бұл ақшаға қатты қираған 121 нысан жөнделеді. Демеушілерден де көмек көп. Жомарт жандар дауылдан бүлінген мыңнан аса нысанды жөндеуге жәрдемдеседі.
Жамбылдағы желден жалпы саны 1206 нысан бүлінді, оның басым бөлігі облыс орталығында орналасқан. Өйткені қалада соққан жел секундына 38 метрге жетті. 14 мыңға жуық абонент жарықсыз қалып, бірнеше ауданда жеке тұрғын үй құлап, біраз отбасы баспанасыз қалды.
Қазір аймақта қалпына келтіру жұмыстарына 4 мыңнан астам адам мен жүзден аса техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады