«Ешкім назардан тыс қалмайды»: Ақмола облысының әкімі Шортандыдағы газ жарылысынан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты
Баспана мәселесі шешілгенше жарылыс болған үй иелеріне уақытша баспана беріледі

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Шортанды ауданының Шортанды ауылында газ жаралысынан қайтыс болғандардың отбасына барынша көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақ басшысы жарылыс бола саласымен оқиға орнына барған.
«Менің тапсырмаммен төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб құрылды. Зардап шеккендерге психологиялық және материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Қаза тапқандарды жерлеу рәсіміне көмек көрсетіледі. Баспана мәселесі шешілгенше жарылыс болған үй иелеріне уақытша баспана беріледі. Ешкім де назардан тыс қалмайды»,-деді Ермек Маржықпаев.
Облыс басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім алдымен Шортанды аудандық ауруханасына барып, жарылыстан зардап шеккен 6 адамды Нұр-Сұлтандағы күйік орталығына жеткізу мәселесін шешті.
Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккен отбасылар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Сондай-ақ олардың кейбіреуіне уақытша баспана беріліп, қаза тапқандарды жерлеу рәсіміне көмек көрсетілді.