$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2021, 10:36
Қоғам

Елімізде студенттердің стипендиясы – 2 есеге, магистранттардікі 1,5 есеге өседі

ЖОО-да оқытушыға бір ставкаға минималды түрде 200 мың теңге бекітілген

Елімізде студенттердің стипендиясы – 2 есеге, магистранттардікі 1,5 есеге өседі

Биылғы қыркүйек айынан бастап оқытушылардың жалақысы екі есе өсті деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқытушыға бір ставкаға минималды түрде – 200 мың теңге, ғылым кандидатына – 260 мың теңге, ғылым докторына – 350 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін жалақы төлеу бойынша шешім қабылданғанын мәлімдеді.

«Үлкен оқу жүктемесі мен қағазбасылық педагогтерді сабаққа толыққанды дайындалуға қиындық туғызғаны белгілі. Сондықтан біз педагогикалық жүктемені 800-1000 сағаттан 680 сағатқа дейін азайтып, есептілік нысандарын да 35%-ға  қысқарттық», ˗ дейді министр.

Белгілі болғандай, студенттердің стипендиясы да екі есеге жуық өсіп, 2025 жылға қарай шәкіртақы екі есеге, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады.

Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы

Серіктес жаңалықтары