$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2021, 11:12
Қоғам

Қазақстандағы 89 қаланың 30 пайызы – моноқалалар – Мемлекет басшысы

Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады

Қазақстандағы 89 қаланың 30 пайызы – моноқалалар – Мемлекет басшысы

Екібастұз қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды. Жиында Президент моноқалалардың ел экономикасына тигізіп отырған үлесі жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 пайызы – моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл – халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Президент моноқалалардың экономикасын әртараптандырудың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды. Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары