$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ковидтік стационарларда қызметкерлер қосымша ақыларын ала алмай жүр

Ковидтік стационарлардың қызметкерлеріне үстемеақы төлеу туралы нормативтік құқықтық акт әлі күнге дейін бекітілген жоқ

Ковидтік стационарларда қызметкерлер қосымша ақыларын ала алмай жүр
Фото ашық дереккөзден

Қыркүйек айында медицина қызметкерлерінің жалақысының үстінен қосымша берілетін үстемеақы мөлшері азайып, ал 1 қазаннан бастап бұл көмек тоқтатылды. Оның орнына Денсаулық сақтау министрлігі зияндылығы үшін қосымша ақы енгізуге уәде берді. Бірақ іс жүзінде қыркүйек айының ковидтік үстемеақылар әлі күнге дейін төленген жоқ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Зарина Қамасова төменгі палатаның жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қызметкерлер ауыр жағдайда жұмыс істеуде, біз оны түсінеміз, ковидті ауруханаларға әлі де көп жүктеме түсіп отыр.  Сондай-ақ, аурудың да ағымы өзгеріп жатқанын ескеру қажет: инфекцияның жаңа штамдары пайда болуда. Бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын қиындатады. Ал олар болса тиісті жалақыларын ала алмай жүр», - деп алаңдаушылық білдірді Мәжіліс депутаты.

Зарина Қамасованың айтуынша, ковидтік стационарлардың қызметкерлеріне үстемеақы төлеу туралы нормативтік құқықтық акт әлі күнге дейін бекітілген жоқ. Сондай-ақ, спикер осының салдарынан көптеген қызметкер ақысыз еңбек демалысына кетіп, кейбірі тіпті жұмыстан шығып жатқандығын мәлімдеді. 

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу туралы Үкімет қаулысының жобасын қабылдауды жеделдетуді, НҚА-ға қаржылық қолдау көрсету туралы мәселені шешуді тездетуді сұраймыз», - деді Зарина Қамасова Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған сауалында.

Серіктес жаңалықтары