$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.11.2021, 06:48
Қоғам

Елімізде 2025-2030 жылдарға қарай энергия тапшылығы орын алуы мүмкін

Өйткені энергия тұтыну мөлшері күннен күнге артып келеді

Елімізде 2025-2030 жылдарға қарай энергия тапшылығы орын алуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Елімізде 2025-2030 жылдарға қарай энергия тапшылығы болады деп жоспарланған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов осылай дабыл қақты. Экономика дағдарыстан шығып, энергия тұтыну күннен күнге артып келеді.

«Меніңше, әлемде энергодағдарыс ескі қағиданың өміршеңдігін көрсетіп берді. Өндіріс қуатының қарқыны ұдайы алда жүруі тиіс. Демек, әлемдік экономика 3%-ға өссе, қуат теңгерімі 4-5%-ға өсуі қажет», - дейді сарапшы.

Олжас Байділдиновтің пікірінше, Қытайда қуат дағдарысынан желілер тоқырап, зауыттар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бүкіл әлем карантин кезінде мөлшерден көп қуат тұтына бастады.

Қазір Қазақстан электр қуаты ең арзан елдер қатарына кіреді.

 

Серіктес жаңалықтары