$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2021, 21:02
Қоғам

Алматы облысында бірнеше ай бойы жалақы алмаған ғалымдар наразылыққа шықты

Қызметкерлер жалақы мәселесі бір апта ішінде шешілмесе, президентке хат жазуға бекініп отыр

Алматы облысында бірнеше ай бойы жалақы алмаған ғалымдар наразылыққа шықты
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында бірнеше айдан бері жалақы ала алмай жүрген Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары басшылыққа наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды КТК арнасы.

90 жылдық тарихы бар ғылым ордасында бүгінде 80-ге жуық адам қызмет етеді. Оның 60-қа жуығы – ғылыми дәрежесі бар мамандар.

Маусым айынан бері еңбекақысын ала алмай ұлардай шулаған ғылым ордасының 50-ден асқан қызметкері қарызға белшемізден баттық деп отыр. Онымен қоймай, басшылық кей қызметкерлерге сүт сатқызып, аула тазалауға мәжбүрлейді екен. «Істемейтін болсаңдар, жұмыстан шығасыңдар» деп қоқан-лоққы көрсететін көрінеді.

«Айлық мәселесі маусым айнын басталып келеді. Басшылық жаздан бастап қаржыландыруды тоқтатты. Біз олардан бірнеше рет көмек сұрағанмен, еш жауап қайтармады. Адамдар осы институтпен өмірін байланыстырады. Сол үшін тастап кете алмайды. Барлығы ақшасыз қалды. Бүкіл дүкендерге қарыз болып біттік», - дейді Медеубеков атындағы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Зәуре Ахатова.

Институттың басқарма төрағасының орынбасары «Мемлекеттік бағдарламаны ұта алмай қаржыдан қағылып, ғалымдар жалақысыз қалды» дейді. Жауаптылар сүтті сатқыздырған зоотехникпен жеке сөйлесіп, мәселені алдағы уақытта шешеміз деп айтты.

Алайда инстутуттың ғалымдары мен қызметкерлері айлық алу үшін келесі бағдарламаны күте алмаймыз деп отыр. «Қаржыдан қысылдық» деген олар адал ақымызды жақын арада алмасақ, күнкөріс тіптен қиындайды деп күйінеді.

 

Серіктес жаңалықтары