$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2021, 20:26
Қоғам

«Қазақстандық дипломдар шетелде жарамсыз» деген ақпаратқа қатысты министрлік түсініктеме берді

Білім және ғылым министрлігі бұл хабардың шындыққа жанаспайтынын айтты

«Қазақстандық дипломдар шетелде жарамсыз» деген ақпаратқа қатысты министрлік түсініктеме берді
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде қазақстандық дипломның Ресей елінде жарамсыз екенін айтқан азаматшаның хабарламасы қызу талқылануда. Автордың сөзінше, диплом жарамағандықтан ұлы Ресейде жұмысқа орналаса алмаған. Ал Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қазақстандық жоғары оқу орындарының мемлекеттік және меншікті үлгідегі дипломдары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Өзіндік үлгідегі дипломдар отандық жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті, сәйкесінше білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді”, – деді министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Сонымен қатар, ведомство Қазақстан да, Ресей де жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тануды көздейтін Лиссабон конвенциясына қол қойған елдер екенін атап өтті.

Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстан Болон декларациясына мүше болған және Еуропалық білім кеңістігінің толыққанды қатысушысы болған Орталық Азия елдері арасындағы бірінші мемлекет. Қазақстанда берілетін дипломдар Еуропалық біліктілік шеңберінің деңгейлерімен салыстырылады.

 

Серіктес жаңалықтары