$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2021, 00:09
Қоғам

Елімізде қант бағасы 30 пайызға қымбаттады

Бағаның шарықтауына тосқауыл болу мүмкін болмай тұр

Елімізде қант бағасы 30 пайызға қымбаттады
Фото ашық дереккөзден

Азық-түлік бағасының тұрақталатын түрі жоқ. Ендігі кезек қантқа жетті. Соңғы тоғыз айда еліміздегі қант бағасы 30 пайызға өскен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қанттың ең қымбат бағасы қазір Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр. Мұнда шекердің бір келісі орташа есеппен 320 теңге. Ал Атырауда баға бес теңгеге арзанырақ. Қымбатшылық жайлаған қалалардың үштігін Павлодар қаласы түйіндейді. Қанттың отаны саналатын Таразда баға едәуір төмен. Бірден 11 теңге айырмашылығымен Қарағанды, содан соң, Талдықорған тұр.

Өткен жылмен салыстырғанда, тек Қазақстанның өзінде қант өндірісі бірден екі жарым есе өскен. Отандық өнім ішкі сұраныстың 45 пайызын қамтамасыз етіпті. Дегенмен бағаның шарықтауына тосқауыл болу мүмкін болмай келеді.

«Біз қант шикізатын сырттан әкелеміз. Мәселен, Тараздағы қант зауыты шикізатты Бразилиядан алады. Сондай-ақ қант бағасының өсуіне әсер еткен бірнеше фактор бар. Биыл Қазақстанның біраз өңірінде, соның ішінде қант қызылшасы өсірілетін Жамбыл, Алматы облыстарында құрғақшылық болды.  Соның кесірінен біздің отандық өнімнен алынатын қанттың өнімділігі азайды. Әлемдік нарықта қант бағасының қымбаттауы да Қазақстанға әсерін тигізбей қоймады», - дейді Тараз қант зауыты бақылаушылар кеңесінің төрағасы Нұржан Қайырбеков.

 

Серіктес жаңалықтары