Бүгін, 08:28
Оқиғалар
Атырау облысында жол қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты
Апат 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына кіреберіс жолда болған
Фото: istockphoto.com
Атырау облысының Индер ауданында жол пайдалану қызметінің техникасы қатысқан жол апатынан 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, алдын ала бейресми ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына кіреберіс жолда болған.
Жол пайдалану қызметінің көлігі жылқымен соқтығысқан. Салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
Полиция мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті