Орал әкімдігі үйі өртеніп кеткен 6 отбасыға 145 мың теңгеден көмек береді
Олардың үйі 17 қазанда өртеніп кеткен
Орал қаласының әкімдігі үйі өртеніп кеткен алты отбасыға 145 мың теңгеден бір реттік көмек көрсететінін ғана мәлімдеген деп жазады «Мой ГОРОД».
Өрт биыл 17 қазанда болған. Жалын Өте Мусин көшесіндегі 6 пәтерлі барак типтес ағаш үйді күлге айналдырған. Өрт аумағы 250 шаршы метрді құрады.
Үй иелері сол түні көлікте қонғандарын айтады. Алдымен шатырдан тұтанған от кейін күш алып, ғимаратты түгел шарпыған. Үш пәтер түгел жанып кетсе, қалған үшеуін жартылай зардап шеккен. Алайда, жөндеуге келмейді.
Орал қалалық әкімдігіне қарасты төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Әділбек Қадыровтың айтуынша, үйі өртеніп кеткен тұрғындар әкімдіктен көмек сұрап келген екен.
«Бұл жеке тұрғын үй. Ондағы тұрғындардың бәрі қарапайым жақсы адамдар, ешбірінің үстінен шағым түспеген. Арасында көпбалалы отбасы жоқ. Олар өрттен аман қалған заттарын шығарып алуға көлік сұрады. Біз көмектесуге тырысып жатырмыз. Сондай-ақ, комиссия бұл отбасыларға бір реттік жәрдемақы беру мәселесін қарады», - деді Ә.Қадыров.
Белгілі болғандай, өрттен зардап шеккен әр отбасыға әкімдік тарапынан бір реттік көмек ретінде 50 АЕК, яғни 145 850 теңге төленеді.