31.12.2019, 22:22
Қоғам
Ташкентте биыл жаңажылдық отшашу болмайды
Қалалық әкімдік өкілдері бұл өзгерісті ауа райының қолайсыздығымен түсіндірді
Биыл Өзбекстан астанасында жаңажылдық отшашу болмайды. Бұл туралы жергілікті әкімдік өкілдері айтты, деп хабарлайды Sputnik Узбекистан.
Қалалық әкімдік өкілдері бұл өзгерісті «ауа райының қолайсыздығына байланысты туындаған қажеттілік» деп түсіндірді.
Дегенмен, әкімдік қызметкерлері Ташкент тұрғындарының мерекелік көңіл күйге барынша бөленуі үшін көп істер атқарылып жатқанын атап өтті. Солардың бірі – қала көшелерін аралап жүрген, түрлі-түсті етіп безендірілген автобустар колоннасы.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 11:50
Ішкі істер министрлігі «ұлдарға зорлық жасады» деген күдікпен Исматулла Мақсұмға қатысты жаңа тергеу бастады
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды