$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.12.2019, 23:27
Қоғам

Мереке күндері жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді

Қарағанды облысында 99 бригададан тұратын 300-ден астам жедел жәрдем қызметкері шұғыл көмек көрсетуге дайын

Мереке күндері жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді

Қарағанды облысында 99 бригададан тұратын 300-ден астам жедел жәрдем қызметкері шұғыл һәм сапалы көмек көрсетуге сақадай-сай.

Естеріңізге салсақ, жедел жәрдем қызметі міндетті әлеуметтік медициналық қызмет тізіміне кіреді. Қарағанды облысында 2019 жылдың 1 қыркүйегінде енгізілген бұл жүйе өз тиімділігін көрсетті. Кеншілер аймағы жобаны пилоттық режимде қолға алған болатын. ​

«Осыған дейін бізге соғылған қоңырауларды қалай қабылдасақ, әрі қарайда дәл солай қабылдаймыз. Барлық қоңыраулар науқастың жағдайына, яғни сақтандыру статусына, жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан қабылданатын болады. Шетелдік азаматтарға жедел медициналық қызмет көрсетіледі. ҚР азаматтары болып табылмайтын науқастарға да бәріне ортақ медициналық көмек көрсетілетін болады. Ол үшін біздің науқастар еш уайымдамасын. Дер кезінде келіп, толыққанды көмек көрсетуге барынша тырысамыз. Біз бұған дайынбыз. Дәрі-дәрмектер мен жанармай қорымызда жеткілікті. Көліктер дайын», – деп атап өтті жедел жәрдем медициналық станциясы директорының орынбасары Юрий Бокач.
 

Дереккөз: 24.kz

Серіктес жаңалықтары