$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2021, 07:18
Қоғам

«Қаржымды еселеп қайтарамын» деп баспанасыз қалған көпбалалы ана көмек сұрайды

Бүгінде осындай қаржы пирамидасының құрбаны болғандардың қатары азаймай тұр

«Қаржымды еселеп қайтарамын» деп баспанасыз қалған көпбалалы ана көмек сұрайды
Фото ашық дереккөзден

Айжан Түменова – бес баланың анасы. Оның айтуынша, жақын танысы «Финико» ұйымы туралы ақпар беріп, қызықтырған, деп хабарлайды Алматы арнасы. Бір айда баспанасын сатып, 20 мың АҚШ долларын өз қолымен апарып беріпті. Үш ай 1000 доллардан алғаннан соң, ұйымның жабылғанын естіген.

Ал жаңа кәсіп ашамын деп, тірнектеп жинаған ақшасынан бір мезетте айырылып қалған Сұлу «мұндай қадамға қалай барғанымды өзім де түсінбей қалдым» дейді. Қаржы пирамидасы туралы блогер Жанар Байжулдиновадан біліпті. Енді құзырлы мекеме өкілдерінің есігін қағып, көмек беруді талап етеді.

 «Финико» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Ресей азаматы – Кирилл Доронин. Қазір ол тұтқындалып, алаяқтық жасады деген айып арқалап отыр. Ал Алматы қаласы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, бүгінде қаржы пирамидасынан зардап шеккен 152 азамат арыз түсірген. Қазір аталған мәселеге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Экономист мамандар қаржы салмас бұрын, жіті тексеріс жұмыстарын жүргізу керек деп кеңес береді.

Айта кету керек, қаржы пирамидасының арбауына түскендердің көбіне танымал адамдардың жарнамасы кесірін тигізген. Осыған байланысты жазда ғана бас прокуратура азаматтарға қаржы ұйымдарын жарнамалауға тыйым салуды және ол үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізуді ұсынған еді.

 

Серіктес жаңалықтары