$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.12.2019, 10:51
Қоғам

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің бірі аса ауыр халде жатыр – Е.Біртанов

Жансақтау бөлімінде барлығы 7 адам ем қабылдауда

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің бірі аса ауыр халде жатыр – Е.Біртанов

Алматы түбіндегі ұшақ апатынан зардап шеккендердің үшеуі ауруханадан шығып, 46-сы ем қабылдап жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының кулуарында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жарақат алған кішкентай балаларға сапалы медициналық көмек көрсету керек.

«Балалардың жағдайы бірқалыпты, олар жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Бірақ, әлі де болса тиянақты емдомды қажет етеді, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі оларды бақылауға алды», - деді Е.біртанов.

Ал, ересектердің арасында әлі де болса өмір мен өлім арасында жатқандар бар.

«Қазір жансақтау бөлімінде 9 адам жатыр. Олардың жетеуі Алматыдағы №4 ауруханада, қалған екеуі Алматы облысының клиникалық ауруханасында. Бір науқастың халі өте ауыр. Біздің білікті мамандардан құралған топ қазір науқастарға көмек көрсетіп жатыр. Емдеу тәсілдерін анықтадық», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Жансақтау бөлімінде жатқандардың арасында пилот та бар, оның жағдайы бірқалыпты ауыр.

«Зардап шеккендердің бәрінің сүйектері сынған, бәріне операция жасалды», - деп сөзін түйді Елжан Біртанов.

Абай Сейфолла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары