$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.10.2021, 22:47
Қоғам

Алматы облысында моланың іргесінен үй салып жатыр

Әкімдік зираттың жерін сатып жіберген

Алматы облысында моланың іргесінен үй салып жатыр

Алматы облысының Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында мұсылман зиратының іргесі қазылып жатыр деп хабарлады КТК телеарнасы. Наразылыққа шыққан тұрғындар мұнда үй салынатынын айтады.

Бейіт пен қазылған жердің арасы бар-жоғы 15 метр. Ал санитарлық талап бойынша қандай құрылыс нысаны болмасын, зираттан 300 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Алайда, Жаңатұрмыс ауылының билігіне ол заңның күші жүрмейтін сияқты. Өйткені, зираттың жері расымен де сатылып кеткен.

Жергілікті тұрғындар ұжымшар кезінде арнайы зиратқа бөлінген аумаққа көз тігу осыдан бес жыл бұрын басталды дейді. Халық шуынан кейін сәл тыншығанмен, мәселе әлі тұрлауын таппай тұр.

Зиратқа қарасты Райымбек ауылдық округінің әкімі жұрт ортасына келгенмен, мардымды жауап айтпады. Мола аумағының бір гектарына қожайынның пайда болуы оны да таң қалдырған сияқты. Райымбек ауылдық округінің әкімі Ержан Төлембаев жердің алдыңғы әкімдердің кезінде сатылып кетуі мүмкін екенін айтып отыр.

Серіктес жаңалықтары