$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.09.2021, 17:54
Қоғам

Бір топ дәрігер ҚР Бас санитарын сотқа берді

Елорда соты шағымданушыларға жауап берді

Бір топ дәрігер ҚР Бас санитарын сотқа берді
көрнекі фото: Azattyq Rýhy / Нұрдаулет Әбікеев

Елорданың әкімшілік сотына 35 адам ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысының бір бөлігіне қатысты шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Арызданушылар вакцинацияланбаған жұмыскерлер үшін міндетті ПТР-тестілеу туралы, белгілі бір мерзімдерде профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыру туралы, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған жұмыскерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат беруді шектеу туралы қаулылардың тармақтарына шағым келтірген.

Сотқа арызданғандар Қаулының конституциялық нормаларды бұзады, өмірге қауіп төндіреді және денсаулыққа зиян келтіреді, адамның еңбек ету құқығын бұзады, COVID-19 вакцинасы тиісті түрде тексерілмеген деп есептейді.

Алайда сот арызданғандардың талаптарын қабылдаған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласының қаулыларының бір бөлігін заңсыз деп тану және күшін жою туралы әкімшілік талап қоюларды қанағаттандырудан бас тартты.

«Сот қаулыларды шығару кезінде заңнама нормаларының бұзылуын анықтаған жоқ. Азаматтардың еңбек құқықтары бұзылмаған, өйткені COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған жұмыскер кепілдендірілген еңбек құқықтарын сақтайды, еңбек функцияларын қашықтан жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Анықталған мән-жайлардың бәрін, жалпы әлемдік инфекциямен күресуге бағытталған шараларды қабылдаудың қажеттілігін ескере келіп, сот бас санитар дәрігердің қаулыларын заңсыз деп тануға негіз жоқ деп тапты», - делінген қалалық сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары