Атырау облысында басшысының үстінен арызданған тұрғынға 326 мың теңге айыппұл салынды
Ол жұмыстан шығарғаны үшін басшысынан кек алмақшы болған
11 тамыз күні Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы мен дене шынықтыру және спорт басқармаларына Мақат ауданының 64 жастағы тұрғыны арызданып, өзінің бұрынғы басшысы қызметке бұрын сотталған азаматты жұмысқа қабылдады деп арызданған.
Мақат аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері тексеру кезінде бұл ақпараттың жалған екенін анықтады, деп хабарлады azh.kz. Кейін азаматшаның жұмыстан шығарғаны үшін басшысынан кек алмақшы болғаны белгілі болды.
Арызданға әйелге қатысты ҚР әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған. Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің мәлімдеуінше, сот шешімімен оған 326 704 теңге айыппұл салынды.
Бұл ретте заң бойынша мемлекеттік органдарға жазасын өтеген азамматтар қабылданатынын атап өткен жөн. Бірақ, қылмыстық кодекстің нақты баптары бойынша көптеген шектеулер бар.