ШұғылЕлімізде бір тәулікте 36 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Онлайн-қабылдауда дауыс көтеріп сөйлеген павлодарлық шенеунік ескерту алды

Басқарма басшысының орынбасары сол күні Zoom байланысы дұрыс болмағандықтан қатты сөйлеуге тура келді деп ақталды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарлық шенеунік онлайн-қабылдауда дауыс көтеріп сөйлескені үшін ескерту алды. Қызметтік тергеуді ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің өңірлік департаменті жүргізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

26 тамызда Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова өткізген онлайн-қабылдауға "Алтын бата" ҚҚ директоры Евгения Стельвага жазылған.

Қоғам белсендісі ментальді бұзылыстары бар балаларды наркозбен стоматологиялық емдеу туралы мәселені көтерді. Ерекше қажеттіліктері бар баланы стоматологиялық креслода ұстау және қозғалмауды сұрау қиынға соғады, ал бормашина бұрғысының айналу жылдамдығы минутына 400 мың айналымға жетеді. Мұндай жағдайда бала кенеттен қатты қозғалатын болса, оның өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы - тістерді наркоз кезінде емдеу. Мұндай балаларды Екібастұздағы қалалық ауруханана қабылдады. 

Бұл сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Буратаева онлайн режимде жауап берді.

Бұл іс қаралған этика кеңесінде департамент басшысының орынбасары: "Бізге балаларды қайда апару керектігін айтудың қажеті жоқ" деп жауап бергені белгілі болды.

"Алтын бата" ҚҚ директоры мемлекеттік қызметшінің дауыс көтеріп сөйлегеніне эмоциямен жауап берген және Гүлнар Буратаева дұрыс жауап бермегені үшін бірден кешірім сұрады.

Басқарма басшысының орынбасары сол күні Zoom байланысы дұрыс болмағанын, сондықтан қатты сөйлеуге тура келгенін түсіндірді.

«Мен "бізге балаларды қайда апару керектігін айтудың қажеті жоқ" деп айтқанымда пандемия кезінде Екібастұзға ерекше қажеттіліктері бар балаларды стоматологиялық емдеуге апарудың қажеті жоқ екенін айттым. Екібастұз қалалық ауруханасы жұқпалы аурулар госпиталі ретінде қайта жабдықталды. Сондықтан балаларды қауіп-қатерге душар етуге құқығым болған жоқ еді. Павлодарда № 1 қалалық аурухананың жанында осындай балаларға стоматологиялық көмек ұйымдастырылған, - деп түсіндірді Гүлнар Буратаева.

Тәртіптік жазаға байланысты кеңес мүшелерінің пікірлері екіге бөлінді. Нәтижесінде көпшілік дауыспен "ескертуге" тоқтады.