$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2021, 11:50
Қоғам

Ақтөбе тұрғындары Қазақстанның бас санитарын сотқа берді

Тұрғындардың арыз-шағымы Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды

Ақтөбе тұрғындары Қазақстанның бас санитарын сотқа берді
Ерлан Қиясов, фото: gov.kz

Ақтөбе қаласының әкімшілік сотына ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың үстінен арыз түсті, деп хабарлайды өңірлік «Диапазон» сайты.

Ақтөбелік үш тұрғын бас санитардың коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа жібермеу туралы қаулысының күшін жоюды талап етті. Арызданушылардың айтуынша, мұндай талаптар заңға қайшы.

Ақтөбе қаласының әкімшілік соты Ерлан Қиясовтың жұмыс орны Нұр-Сұлтан қаласында екенін алға тартып, үш тұрғынның қарсылығын туғызған қаулының да сол қаладан шыққанын жеткізген. Осыған байланысты арыз-шағымды Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберу туралы шешім қабылданған.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қисяов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта 6 қыркүйектен бастап вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелеген нысандардың тізімі өзгеретіні айтылған.

Серіктес жаңалықтары