ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елорда халқының саны 1,12 миллионға жетті

Бұл туралы мәліметті Elorda Aqparat жариялады

Фото: ашық дереккөзден

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы халық саны 1 127 263 адамға жеткен. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 61 360 адамға көбейіп, 5,8%-ға өскен. 

2019 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында туған сәбилердің саны 24 299, бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға аз. 1000 адамға шаққандағы бала туу коэффициенті - 26,34.

«Осы аралықта (10 ай – ред.) 3595 адам қайтыс болды. 2019 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы халықтың табиғи өсімі 2018 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 601 адамға немесе 2,8%-ға азайды», - делінген статистика комитетінің хабарламасында.

Өлімге себеп болған басты факторлар: қан айналым жүйесінің аурулары (31%), жаңа өскін (21,4%), жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану (9,5%), тыныс алу органдарының аурулары (7,6%).

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Нұр-Сұлтанға 137 585 адам келіп, елордадан 109 410 адам кеткен. Көші-қон сальдосы +28175 адам.

Естеріңізде болса, 2016 жылдың шілдесінде, елорда күні қарсаңында Астана қаласы халқының саны миллионға жеткені туралы сүйінші хабар тарады.