$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2019, 14:20
Қоғам

Орал қаласында күзет фирмасының қызметкерлері мас адамды ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысының орталығында жанармай бекетінің жанында адам қайтыс болды. Қала тұрғынын өлтірді деген күдікпен жергілікті күзет қызметі компаниясының екі қызметшісі  қамауға алынды, деп хабарлайды  «Azattyq Rýhy» тілшісі.

Орал қаласында күзет фирмасының қызметкерлері мас адамды ұрып өлтірді

Оқиға бүгін таңғы сағат бес шамасында орын алған. «Омеги» шағын ауданындағы «Конденсат» жанармай бекетінің аумағында белгісіз адамдар арасындағы жанжал туралы 102 қызметіне қоңырау түскен. Төбелес болған жерге келген полиция өкілдері қансырап  жатқан ер адамды көрген. Көп ұзамай күдікті ретінде «Сова» жеке күзет агенттігінің  екі қызметкері  ұсталды. Полицияның ақпаратына қарағанда, қызметтік автокөліктерімен келген жеке  күзет фирмасының мамандары масайған  ер адамды сабырға шақырғанның орнына, өлімші етіп ұрып кеткен.  

«Сова» күзет ұйымының бес қызметкері қоңырау бойынша аталған орынға келген. Мас адамды тыныштандырмақ болған күзетшілердің өздері оны соққыға жыққан. Ауыр соққыдан ер адам ауруханада ес жимаған күйі қайтыс болды. Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 106 бабының 3 бөлігі және 252 бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті екі адам ҚР ҚПК 128 бабымен Орал қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды», -  деді Батыс Қазақстан облысы ПД ресми өкілі Болатбек Белгібаев.

Әмірболат Құсайынұлыадам 

Серіктес жаңалықтары