$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2019, 20:40
Қоғам

Газбен жүретін көліктерді жабық автотұраққа қоюға рұқсат етпейді

Өрт қауіпсіздігі қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 2019 жылғы 29 желтоқсаннан бастап күшіне енеді

Газбен жүретін көліктерді жабық автотұраққа қоюға рұқсат етпейді
Фото : dom.ria.com

18 қарашада 2020 жылдан бастап газбен жүретін көліктерді паркингке қояға рұқсат берілмейтіні, жыл соңына дейін осындай заң жобасы қабылданатыны туралы ақпарат тарады. Мұндай мәлімдемені еліміздің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер жасады. Негізгі себеп – күн суытқалы бері автокөліктердің өртенуі жиілеген.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылғы желтоқсан айында Үкіметтің қаулысымен (2019ж. 13.12. № 921) Өрт қауіпсіздігі қағидаларына объектілерді ұстау тәртібін регламенттейтін техникалық регламенттердің талаптары жарияланды. Қазір бұл ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменттрі ресми сайттарында жариялап жатыр.

Негізгі өзгерістер мен толықтырулар мынадай:

Біріншіден. Газ тәрізді отын түріне автомобиль көлігінің жұмысын ауыстыруға байланысты, сондай-ақ азаматтардан өтініштердің көптеп келіп түсуіне байланысты мынадай тыйым салатын нормалар қабылданды:

- Сығымдалған табиғи газбен және сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автомобильдерді басқа мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген және оларға жапсарлас, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жабық типтегі автотұрақтарға қоюға жол берілмейді.

- Паркингтерде (жабық үлгідегі автотұрақтарда) үй-жайларды

1-типтік тұйық өртке қарсы қалқалармен бөлген жағдайда, өзге функционалдық мақсаттағы үй-жайларды (автожуу орындарынан, шаруашылық қоймаларынан, клиенттердің багажына арналған қоймалардан басқа) орнатуға және/немесе орналастыруға жол беріледі.

- Жарылыс қаупі бар заттар мен материалдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, майларды, жанғыш газдары бар баллондарды, қысымдағы баллондарды шаруашылық қоймаларында және клиенттердің багажына арналған қоймаларда сақтауға жол берілмейді.

Анықтама ретінде: 2016 ж. 26 қарашада Қарағанды қ. автокөлік жуатын жерлердің бірінде газдың қарқынды ағуы себебінен газ қоспасының булануы нәтижесінде өрт шығып, жарылыс болды. Екі адам қаза тапты.

Бұл талаптар 2000 жылдан бері қарастырылғанын және автомобиль тұрақтарын жобалауға қолданылатынын атап өткен жөн (МҚН 2.02-05-2000* «Автомобиль тұрақтары» және ҚР ҚН 3.03-05-2014 «Автомобиль тұрақтары»).

Сонымен қатар, Өрт қауіпсіздігі қағидаларына бұл талаптардың енгізілуі газ баллон жабдығының жарылу жағдайларының көбеюімен байланысты.

Анықтама ретінде: автокөліктегі өрттер соңғы 5 жылда өрттің жалпы санының 20 пайызыен құрайды.

Екіншіден. Жылу беру маусымы кезеңінде улы газбен улану нәтижесінде адамдардың өліміне жол бермеу мақсатында мынадай талаптар енгізілді:

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде ысырмаларды (жаппаларды) жобалау нормаларында (диаметрі 15 мм) көзделген ойықтарсыз қолдануға; желдету және газ арналарын түтін жолдары ретінде қолдануға; ақаулықтары, сызаттары мен саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол бермеу

жанып жатқан пешті қадағалауды (Неке және отбасы кодексіне сәйкес 18 жасқа дейінгі балалар) балаларға тапсыруға жол бермеу

Анықтама ретінде: жылу беру маусымы басталғаннан бері (2019 дылғы 1 қыркүйектен бастап) тұрғын үй секторында 2 572 өрт шығып, нәтижесінде 72 адам қаза тапты, улы газдан уланудан 7 адам қаза тапты.

Жергілікті желдету жүйелерінде май шөгінділерінің жануы себебінен өрттің шығу жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты жүйелерін жылына бір рет май шөгінділерінен тазарту нормалары қарастырылды.

Анықтама үшін: ӨҚҚ-да Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 758 бұйрығымен бекітілген «Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сілтеме жасалған.

Үшіншіден. Біз Ресейдегі Хабаровск өлкесінде ағымдағы жылғы шілде айында палаткалы лагерьлерде болған өртте 4 бала қаза тапқан өрттің жағдайын зерделеп, нәтижесінде бірқатар өзгерістер енгіздік.

Балалар лагерінің басшысы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарын және лагердің (базаның) схемасын әзірлейді, онда барлық ғимараттар, адамдар тұратын жерлер (тұрғын үйлер, палаткалар және т.б.), шаруашылық мақсаттағы орындар, сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздері, автомобиль тұрақтары және т.б. көрсетіледі. Схема лагерьдің (базаның) аумағына кіретін жерде ілінеді.

Орман алқаптарында немесе оларға тікелей жақын орналасқан балалардың жазғы демалыс орындарының аумағында өрттің таралуына кедергі келтіретін іс-шаралар (орман алқабы жағынан қоршаудан периметрі бойымен ені кемінде 4 метр минералдандырылған өртке қарсы жолақтар) көзделеді.

Балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру лагерьлерінің аумағында палаткаларды (киіз үйлерді) орналастыру кезінде бір топтың (1 немесе 2 қатар) орналасқан аумағының ауданы 800 шаршы метрден аспайтындай етіп қабылданады. Топтардың арасындағы қашықтық кемінде 15 метр, ал палаткалар (киіз үйлер) арасында кемінде 2,5 метр етіп қабылданады.

Сондай-ақ балалар лагерьлерінің аумағында от-шашулар өткізуге, пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол берiлмейдi.

Бұл талаптарды сақтау балалардың жазғы демалысы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларына барлығы 148 тармақ пен 7 қосымша енгізілді (дүңгіршектер мен павильондарды орналастыру кезінде олардың ауданы, отқа төзімділігі талаптары анықталды, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету талаптары көзделді, объектілерде қоланылатын өрт сөндіру құралдарының түрлері кеңейтілді, тұрғын үйлерде авариялық шығу жолдарын ұстау талаптары күшейтілді).

Нормативтік базаны жетілдіру шеңберінде а.ж. маусым айында «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде (23.06.2017 ж. № 439) міндетті сертификаттау нысанында өрт қауіптілігінің көрсеткіштері бойынша (отқа төзімділік шегі, өрт қауіптілігінің сыныбы) қолданылатын Құрылыс материалдары мен конструкцияларының сәйкестігін міндетті растау бойынша талап белгіленген (ІІМ 2019ж. 28 маусымдағы № 598 бұйрығы). Сонымен қатар, өртке қарсы бөгеттер арқылы кабель арналары, қораптар, кабельдер мен сымдар өтетін жерлерде отқа төзімді кабель өткелдерін қолдану талаптары қарастырылған.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 2019 жылғы 29 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 410-бабында (азаматтарға 5 АЕК (12 625 теңге) және заңды тұлғаларға 50 АЕК (126 250 теңгеге дейін) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабында (әкімш.салдарының ауырлығына байланысты 50 АЕК (7 575 000 теңге) айыппұл немесе 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру).

Серіктес жаңалықтары