$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2021, 12:54
Қоғам

«Әншілер халықты алдауға құмар»: танымал дәрігер Айгүл Иманбаеваны жауапқа тарту керегін айтты

Актриса Мәскеуде видео түсіріп, қазақтардың ғана маскамен жүргенін айтқан болатын

«Әншілер халықты алдауға құмар»: танымал дәрігер Айгүл Иманбаеваны жауапқа тарту керегін айтты
Фотоколлаж

Осыдан бірер күн бұрын әнші, актриса Айгүл Иманбаева өзінің Instagram-оқырмандарына Мәскеуден сәлем жолдап, Ресей астанасында карантиннің жоғын айтқан болатын. Тіпті, ешкімнің маска тақпайтынын, тек қазақтар ғана «жау шаптыратынын» да мәлімдеген. Оның бұл видеосы қоғамда резонанс тудырды.

Әлеуметтік желілерде Иманбаеваны жақтаушылар да, даттаушылар да көп. Алматылық дәрігер-кардиолог, медицина ғылымдарының докторы Дәуренбек Нысанов болса актрисаны жауапқа тарту керек деп есептейді.

«Осы әншілер халықты алдауға құмар. Дәлелі қайда? Неге халықты адастырады? Айтқаны рас болса Мәскеудегі метрода және супермаркеттерде жүргендерді неге видеоға түсірменген? Себебі, онысы өтірік! Сол үшін Айгүл Иманбаеваны жауапқа тарту керек», - деп жазды дәрігер өзінің Facebook-парақшасында.

Оның пікірінше, әнші-артистер елімізде той-томалақ өткізуге рұқсат берілуін асыға күтіп жүр. Осындай мәлімдемелерді жасауы да содан дейді ол.

«Айгүл Иманбаеваның не үшін бұлай жасағаны енді түсінікті болды, «той-томалаққа рұқсат етілсе» деген арам оймен салып отыр екен ғой. Сонда Айгүл Иманбаева халықты ойламайтын, құлқынның құлы болғаны ма», - деп жазылған дәрігердің парақшасында.

Дәуренбек Нысанов Мәскеуде карантиннің алынбағанын, жабық ғимараттың бәрінде адамдар маскамен жүруі керегін айтты. Ал, «Экспресс К» тілшісімен сөйлескен Айгүл Иманбаева болса «түймедейден түйедей жасамаңдар» деп, телефон тұтқасын қоя салған.

Серіктес жаңалықтары