Алматының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Құжатқа сәйкес, дәріханалар Ashyq қосымшасына қатыспайды

Алматының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
фото: Әсет Құндақбаев

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Құжат қаладағы білім беру мекемелеріндегі карантиндік шараларға арналған. Осылайша, 2021-2022 оқу жылында тұрақты оқуға рұқсат берілген.

Аудан әкімдері, Алматы қаласы білім басқармасы, жоғары оқу орындары, жекеменшік мектептер мен балабақша басшылары педагогтер мен персоналдың 100% коронавирусқа қарсы вакцина салдыруын қамтамасыз етуі керек. Бұл тізімге медициналық қарсы көрсетілімі бар науқастар мен кейінгі 3 айда ауырған азаматтар кірмейді.

Мекемеге кіреберісте педагогтер мен қызметкерлер, ата-аналар, 18 жастан асқан білім алушылар Ashyq қосымшасы арқылы тіркеледі.  

Сондай-ақ қалада 18 жастан асқан студенттердің арасында Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырғандар жатақханаға орналастырылады.

Шетелдік студенттерге вакцинацияның толық курсы және мемлекеттік шекараны кесіп өткеннен кейін сынама нәтижесі теріс болған жағдайда (анықтама үш күнге жарамды) оқуға рұқсат беріледі.

Құжатты толық мына жерден көруге болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.