Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Ұлттық банк «Бүркітші» және қазақ зиялыларына арналған монеталарды айналымға шығарды

Күміс монеталар Ұлттық Банктің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған

ҚР Ұлттық Банкі номиналы 500 теңгелік «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясынан «Á.Qasteev «Búrkitshi» коллекциялық монеталарын және номиналы 100 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «I. Jansúgirov. 125 jyl», «S. Seifýllin. 125 jyl», «B. Mailin. 125 jyl», «T. Rysqulov. 125 jyl» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Á.Qasteev «Búrkitshi» монетасы ұлттық мәдениетіміздің байлығын танымал етуге және Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі (графика, мүсін, бейнелеу, мозаика және т.б.) бағыттардың толық аясын ашып көрсетуге арналған «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясын жалғастырады.

Монетаның дизайнында қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Халық суретшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбілхан Қастеевтің «Бүркітші» картинасының бейнесі пайдаланылған.

Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып күмістен дайындалған.

«I. Jansúgirov. 125 jyl», «S. Seifýllin. 125 jyl», «B. Mailin. 125 jyl», «T. Rysqulov. 125 jyl» монеталары қазақ тарихындағы әйгілі тұлғалардың туғанына 125 жыл толуына арналған.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.