$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2019, 11:23
Қоғам

Түркістан облысында халықтың 11%-ның табысы күнкөріс деңгейінен төмен

Елімізде табысы ең көп тұрғындар – Алматыда, ең азы – Түркістан облысында тұрады

Түркістан облысында халықтың 11%-ның табысы күнкөріс деңгейінен төмен

2019 жылдың үшінші тоқсанында халықтың айлық кірісі өсіп, 175,9 мың теңгеге жеткен. Ал, бұл кезеңде еліміздегі инфляция көрсеткіші 5,4 пайызды құрады. Өткен жылдың үшінші тоқсанында орташа айлық табыс көрсеткіші 160,4 мың теңгені құраған болатын.

Қазақстан бойынша ең көп табысты алматылықтар табады. Мұнда орташа айлық табыс – 238,8 мың теңгені құрап отыр. Бұл республикалық көрсеткіштен 35,8 пайызға артық.

Екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы. Мұндағы тұрғындардың орташа айлық табысы – 230,5 мың теңге. Ал, үшінші орында 209,2 мың теңге табыспен қарағандылықтар тұр.

Жалпы, еліміздің 9 өңіріндегі орташа айлық табыс көрсеткіші республикалық орташа көрсеткіштен артық.

Ал, ең төмен табыс табатынтар Түркістан облысында тұрады (105,3 мың теңге). Мұндағы халықтың 10,8 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз. Елімізде ең төменгі күнкөріс шегі 31 982 теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары