$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2021, 11:50
Қоғам

Алматыда Владимир Жириновский мен Қуат Ахметовке қатысты «ерекше» сурет салынды

Ресей билігі Қуат Ахметовке 50 жыл бойы РФ-ға кіруге тыйым салды

Алматыда Владимир Жириновский мен Қуат Ахметовке қатысты «ерекше» сурет салынды

Желіде ресейлік саясаткер Владимир Жириновский мен «Тіл майданы» қозғалысының басшысы Қуат Ахметов бейнеленген сурет тарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Кәугерлердің айтуынша, бұл сурет Достық даңғылының бойында (Сәтбаев көшесінің төменгі жағында) салынған.

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Қазақстанға, соның ішінде қазақ ұлтына қарата айтқан даулы мәлімдемелерімен таныс. Ал, жақында ресейлік БАҚ «Тіл майданы» қозғалысының басшысы Қуат Ахметовті роликтерде «Республиканың заңдары мен Қазақстан тілін танымайтын орыс гастарбайтерлері» және «орыс фашизмі» сияқты сөздерді қолданды деп айыптады.

YouTube желісінде «Til Maydani онлайн партиясы» деген атпен ашылған жобаның қазір 22,2 мың жазылушысы бар.

Арнада жарияланатын роликтерде Қуат Ахметов пен оның пікірлестері әртүрлі қоғамдық тамақтану орындарына, дәріханаларға, дүкендерге және мемлекеттік мекемелерге барып, қазақ тілінің қолданысын тексереді.

13 тамызда РФ Ішкі істер министрлігі Ресей тұрғындары мен басқа мемлекеттерде тұрып жатқан орыс ұлтының өкілдерін қатысты немқұрайлық танытқан, агрессивті түрде тіл тигізген шетел азаматтары Ресей жеріне 50 жыл ене алмайтыны жайлы шешім қабылдап, бұл тізімге қазақстандық белсенді Қуат Ахметов те енді.

Оқи отырыңыз: «Жириновский атындағы қоқыс жәшігі». Қазақстан жастары саясаткердің арманын «орындады»

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Масанчи көшесіндегі №79 үйде тұрып, 1964 жылдың 3 маусымында Қазақстаннан көшіп кеткен.

Серіктес жаңалықтары